19.04.2023, 19:13
Жаңалықтар
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты сотталушыны сот залынан жедел жәрдем алып кетті
Ал сот отырысы 24 сәуірге ауыстырылды
Фото ашық дереккөзден
Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның сыбайластарының үстінен қозғалған қылмыстық істің сот отырысы келесі аптаға ауыстырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінгі сот отырысы барысында айыпталушылардың бірі Алмаз Нұразхан өзін жайсыз сезініп, медициналық көмекке мұқтаж екенін мәлім етті.
Осылайша, сотталушыны сот залынан жедел жәрдем алып кетті.
Ал сот отырысы 24 сәуірге ауыстырылды.
«А. Нұразханды жедел жәрдем бригадасы клиникаға алып кетті, қайсы клиника екенін білмедім. Диагноз қою үшін белгілі бір сала мамандарының көмегі қажет», - деді айыпталушының адвокаты Мұстахим Төлеев.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді