Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жаңаөзендегі жарылыс мәселесін көтерді
Ол Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтан тұрғын үйде болған жарылыс туралы сұрады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында баяндама жасаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтан Жаңаөзенде болған жарылыс туралы сұрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Ол жерде он екі пәтерлік екі кіреберісі бар үйде жарылыс болған. Қазір құрылған комиссия себебін анықтап жатыр және салдарын жою бойынша шаралар атқарылып жатыр. «ҚазМұнайГаз» компаниясы зардап шеккен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша міндеттеме алды. Біз өз тарапымыздан (жергілікті әкімдік – ред.) зардап шеккен азаматтарға медициналық көмек, психологиялық көмек және уақытша тұратын жер бойынша көмек беріп жатырмыз», - деді Тоқаевтың сұрағына жауап берген Ноғаев.
Тақырыпқа орай: Жаңаөзендегі жарылыс болған үйдің тұрғындары өз болжамын айтты
Президент өз кезегінде «Жаңаөзенде болған жарылыстың салдарын жою жұмыстарын тез арада бітіру қажет» деген тапсырма берді.