$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістан облысында суға кеткен шетелдік екі студентті іздеу жұмыстары қайта басталды

Олар былтыр маусым айында Ақсу өзеніне батып кеткен болатын

Түркістан облысында суға кеткен шетелдік екі студентті іздеу жұмыстары қайта басталды
Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында суға кеткен шетелдік екі студентті іздеу жұмыстары қайта басталды. Бұл туралы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысы Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылар суға батып кеткен Үндістан Республикасының студенттерін іздеу жұмыстарын қайта қолға алды.

Еске сала кетейік, былтыр 26 маусым күні екі шетелдік студент Төлеби ауданының Ақсу шатқалындағы Ақсу өзеніне батып кеткен болатын.

Бұл туралы сағат 20:10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне хабар түскен. Шымкент қаласынан келген 21 жастан құралған топтың барлығы Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері болған әрі Үндістан Республикасының азаматтары. Содан бері суға кеткен екі азаматтың денесі табылмады.

«Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 7 қызметкер, 1 техника жұмылдырылды. Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары