18.04.2023, 09:28
Жаңалықтар
Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 19 сәуірде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Жиынға Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті