$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр аралас қар жауады
Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұрақсыз ауа райы болады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, елдің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін.», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Солтүстік-батыс антициклонның әсерінен елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасы түнде 2-14 аязға дейін төмендейді, батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста үсік сақталады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Таулы аудандарда түнде Алматы облысында, күндіз Жетісу облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Жетісу облысында Алакөл көлдері ауданында кейде 30 м/с және одан да көп қатты жел соғады.

Түнде Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аудандарында 1-6 градусқа дейін, Атырау облысының шығысында  1 градусқа дейін үсік жүреді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында жауын-шашын жауып, бұрқасын соғады. Жолдар көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 аяз, күндіз 0-2 жылы болады.

Алматыда күн бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын, тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 6-8 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, аяз негізінде 2 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Серіктес жаңалықтары