$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты

Қазір мектеп оқушысы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында

Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты
Фото ашық дереккөзден

Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт алып шықты. Оқушыға «Асар» шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ота жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады. Жалпы ота екі сағатқа созылған. Отадан кейін науқас бала екі тәулік реанимацияда жатып, кейін жалпы палатаға шығарылған. Дәрігерлер бас миынан құрт табылған баланың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.

«Сәуір айында 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Баланың диагнозы МРТ арқылы анықталған. Науқастың басы ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды», - деді Шымкент клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохиругі Самат Көкшікбаев.

Отадан кейін бір аптаға жуық ауруханада жатқан науқасты дәрігерлер үйіне шығарды. Қазір мектеп оқушысы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында.

Серіктес жаңалықтары