Ұлыбритания парламенті премьер-министр Сунакқа қатысты тергеуді бастады
Сунак бұған дейін Ұлыбританияның қаржы министрі қызметін атқарған
Ұлыбритания парламентінің стандарттар комитеті премьер-министр Риши Сунакқа қатысты қаржылық мүдделер декларациясы бойынша тергеуді бастады. Бұл туралы Sky News өз сайтында хабарлады.
Парламент те, телеарна да тергеудің басталу себебін де, нақты мәліметтерді де атаған жоқ.
Барлық Британдық парламентшілер барлық сыйлықтарды, жарналар мен қайырымдылықтарды мүдделер тізілімі деп аталатын жерде тіркеуге міндетті.
Сунак 2022 жылдың қазан айында Ұлыбританияның премьер-министрі болып тағайындалды. Қауымдар палатасының жетекшісі Пенни Мордонттың сайлау науқанына қатысудан бас тартуы оны автоматты түрде осы лауазымға жалғыз үміткер етті.
Оны король Чарльз III бекітті.
Сайланғаннан кейін Сунак Консервативті партияның парламент мүшелеріне дағдарыс жағдайында бірігу керек екенін айтты. Саясаткер ел мен партияны біріктіру оның басымдығы болатынын мәлімдеді.
Сунак бұған дейін Ұлыбританияның қаржы министрі қызметін атқарған.