$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да көші-қон қызметінің бастығы шетелдіктердің елде болу мерзімін ұзарту үшін пара алған

Өскемен қалалық сотының шешімімен айыпталушыға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

ШҚО-да көші-қон қызметінің бастығы шетелдіктердің елде болу мерзімін ұзарту үшін пара алған
Фото ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон қызметінің бастығы шетелдіктердің елде болу мерзімін ұзарту үшін пара алып отырған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметіне сүйенсек, көші-қон саласындағы талдау барысында бірқатар заңбұзушылық анықталған.

«Атап айтқанда, жұмыс визасын алу және шетелдіктердің жүріп-тұру мерзімін ұзарту кезінде пара алынғаны белгілі болды. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығына қатысты қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылды», - дейді департамент басшысы Денис Шакенов.

Өскемен қалалық сотының шешімімен айыпталушыға 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ол сондай-ақ мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарда өмір бойы жұмыс істей алмайды.

Серіктес жаңалықтары