Қазақстандықтар Украинада соғысып жүр: ҰҚК қанша іс қозғалғанын айтты
Ведомство қазақстандықтардың қай тарапқа қатысы барын нақты айтқан жоқ
ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы әскери қақтығысқа қазақстандықтардың қатысу фактілерін тергеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Tengrinews.kz жазуынша, ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады.
«Қазіргі уақытта ҰҚК-нің тергеу бөлімшелері Қазақстан Республикасы азаматтарының Украина аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе ұрыс қимылдарына қатысу фактілері бойынша 10 қылмыстық істі тергеп жатыр», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Ведомство қазақстандықтардың қай тарапқа қатысы барын нақты айтқан жоқ.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.