Семейде оқушы қызды қатарластары аяусыз ұрып-соққан: полиция тергеуді бастады
Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр

Семейде оқушы қыз соққыға жығылды. Полицияға соққыға жыққан оқушы қыздар ата-аналарымен бірге жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz telegram-арнасына сілтеме жасап.
Полицейлер Семей қаласының әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу барысында бейнежазбаны анықтаған. Онда қала мектептерінің бірінде оқитын оқушы қыздар өзге оқушы қызға дене жарақатын салып жатқан.
«Оқиға 10 сәуір күні Семей қаласында болған. 15 сәуір осы факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір ата-аналардың, психологтардың қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесінде, ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте.