$ 512.1  583.64  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін ел аумағында жауын-шашынды ауа райы сақталады

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгін ел аумағында жауын-шашынды ауа райы сақталады
Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 16 сәуірде ел аумағында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы ықтимал. Солтүстікте, солтүстік-батыста – қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының оңтүстік жартысында және батысында, Абай облысының оңтүстігінде, күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел күшейеді. Күндіз екпіні 30 м/с және одан жоғары болады.

Серіктес жаңалықтары