$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскемен жылу электр орталығы тарифті көтермек

Мамандардың айтуынша, жылу мен энергияның өзіндік құны пайда тұрмақ, ескі құрал-жабдықтарды жөндеп, күтіп ұстауға да жетпейді

Өскемен жылу электр орталығы тарифті көтермек
фото: www.gov.kz

Өскемен жылу электр орталығы тарифті көтермек . Себебі 80 жылдан бері қызмет көрсетіп келе жатқан орталықты жаңғырту үшін қаржы керек, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Жақында елімізде тозығы жеткен жылу мекемелерінің тізімі жарияланған еді. Ол тізімде Шығыс Қазақстан облысынан 3 бірдей станция тұр. Өткен қыста өскемендіктердің біразы өз пәтерінде тоңып шыққаны рас. Ол кезде жылу электр орталығындағы құрылғы жөндеуде болып, салдарынан жылу температурасы төмендеп кетті деген уәж айтылды. Сөйтіп, 2 сағатқа созылған жұмыстың кері әсерін жұрт бірнеше күн бойы сезінді. Жүйедегі жылу қалыпты деңгейге көтерілгенше халық дірдек қақты. Жылу электр орталығын күрделі жаңғырту керек, - дейді мамандар.

Станцияның қысқа дайындығына 7 млрд теңге керек. Жөндеу 20 позицияда жоспарланған. Алайда қазіргі тарифпен оған қауқарымыз жетпейді, - дейді энергетиктер.

 «Бірінші қаңтардағы мәлімет бойынша, станция 67%-ке тозып тұр. Бұл көрсеткішті азайту үшін, әрине, көп қаржы керек. Ол қаржыны қазіргі тариф есебінен алу мүмкін емес. Бізге кәсіпорынның ағымдағы шығынын жаба алатындай тариф белгілеу керек», -дейді «Өскемен жылу электр орталығының» бас директоры Айдын Бексолтан.

 «Тарифті инвецтицияға айырбастау» жобасы қолға алынса, елімізде жылу электр орталығын жаңғырту үшін жыл сайын 400 млрд теңге бөлуге болады. Салалық министрлік осылай деп ұйғарыпты. Қоғам белсендісі Роман Честных бұл жоба тиімді болар, бірақ алдымен станциялардың инвестициялық жауапкершілігін бір саралап шығу керек дейді.

«Бұл жобаны іске қосу үшін алдымен жылу электр орталықтарына жаппай аудит жүргізу керек. Осыған дейінгі инвестициялық бағдарламалар қалай жүзеге асырылды? Жүктелген міндеттер орындалған ба, тарифті соңғы рет көтерген соң не істелді? Өйткені меншік иелері ауысады да, осындай есеп-қисапты сұрайтын адам таппай қаламыз», - дейді құқық қорғаушы Роман Честных.

Сарапшы сөзінің жаны бар дерсің. Риддер жылу электр орталығы меншік иелерінің салғырттығынан қазір әрең жұмыс істеп тұр. Жабдықтың 71% әбден тозған. Келер жылдың қысында тағы да проблема туындауы әбден мүмкін, - дейді мамандар.

Елімізде бірнеше орталықтың жағдайы сын көтермейді. Мәселен, Арқалық жылу электр станциясы 96% тозған, Оралдағы жылу орталығы да оңып тұрған жоқ. Кентау қаласында да жабдықтың 90%-і ексірген. Қызылорда – 88%. Степногорск пен Тараз жылу орталықтарын да жаңғырту керек.

Аркалық ЖЭО - 95,4%

Орал ЖЭО - 95,3%

Кентау ТЭЦ- 92,7%

 Қызылорда- ЖЭО-88,5%

Степногорск-ЖЭО 81,7%

Тараз- ЖЭО 87,2%.

 Бұл – жақында елдегі жылу станцияларына жүргізілген аудит нәтижесі. Өскемендіктер болса қазір энергия тапшылығын шешу жолдарын біртіндеп қарастыруға көшкен. Шаһарға 200 гигаколрий жылу жетпейді.

«КШТ кентінде қазір орналасқан, 100 Гкал тағы бір қазандық салуымыз керек, оған жоба дайындалып жатыр, биыл 400 млн теңге бөлінеді, 2024 аяғында жұмысты бастаймыз», дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Ал қаладағы Согра жылу электр орталығы ескі болғанмен, жағдайы жаман емес дейді, облыс басшысы.Былтыр бұнда 2 млрд теңгеге жөндеу жүргізіліпті.

 

Серіктес жаңалықтары