15.04.2023, 01:11
Жаңалықтар
Абай облысында 12 жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік ұсталды
Шетелдік азамат ҚР ҚК 430-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Абай облысында 12 жыл бойы заңсыз жүрген шетелдік ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Абай облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел алдын алу шарасы барысында соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған шетелдік азаматты анықтады.
Шетелдік 2011 жылы көші-қон заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сот шешіміне сәйкес оған 15 тәулік дербес шығу мерзімі белгіленіп, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылған. Алайда ол сот қаулысын орындамай, елімізде 12 жылдан астам уақыт жүрген.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді