$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда қала атынан жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингке» беріледі

Жиналған ақша Алматы бюджетіне  түсетін болады

Алматыда қала атынан жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингке» беріледі
Фото: inbusiness.kz

Алматыда қала атынан жалға алынған автотұрақтар «Алматы паркингіне» беріледі. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың бірі шаһар басшысына көлік тұрақтары мәселесі туралы сұрақ қойған.   

«Жетісу-2 шағынауданында 16 және 19 үйлердің арасында автотұрақ бар. Оған 10 жылдан астам уақыт болды және ол жерде тәртіпсіздік болып жатыр. Біз меншік иесінің кім екенін түсіне алмаймыз. Келісімшарттар да, фискалдық чектер де жоқ – олар ештеңе бермейді, жауапкершілік көтермейді, бірақ біз ай сайын ақша төлейміз. Жер жекеменшікте орналасқан», - дейді тұрғындар.

Ерболат Досаев тұрғынның сұрағына жауап бере отырып, қала атынан жалға алынған автотұрақтардың астындағы жерлер «Алматы паркингке» берілетінін айтты.

«Қала атынан біз осындай қызметтер көрсететін боламыз, жиналған ақша Алматы бюджетіне  түсетін болады. Жер қатынастары басқармасы арқылы жердің мәртебесін анықтап, қалалық мобильділік басқармасынан не істеуге болатынын білеміз. Одан кейін Мемлекеттік кірістер департаментінен бизнесті тексеруге мораторий жариялағанына қарамастан, прокуратурамен салық төлеу мәселелерін пысықтауды және т.б. сұрастырамын», - деді әкім.

Серіктес жаңалықтары