Прокуратура тексерісінен кейін Көкшетау тұрғындары үшін тарифтер төмендетілді
Тиісті қызметтердің тарифтерді дұрыс қолданбағаны анықталды

Көкшетау қаласында прокуратура тексерісі арқылы көппәтерлі абаттандырылған үйлердің тұрғындарына қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтері үшін тарифтерді дұрыс қолданбау фактілері анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ба прокуратураның мәліметінше, Көкшетау қалалық мәслихатымен бекітілген тарифтерді ескере отырып, абаттандырылған үйдің тұрғыны үшін ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша қызметтің құны қосылған құн салығын отырып айына 500 теңгені, ал абаттандырылмаған үйдің тұрғыны үшін айына ҚҚС есебімен 580 теңгені құрайды.
«Қоқыс шығаратын компанияда ҚТҚ сұрыптау және көмуді жүргізуге мүмкіндіктердің болмауына байланысты, 2022 жылдың 1 желтоқсанынан бастап абаттандырылған үйдің тұрғыны үшін ҚҚС есебімен айына 377 теңге, абаттандырылмаған үйдің тұрғыны үшін ҚҚС есебімен айына 438 теңгеге төлем тек жинау және тасымалдау үшін ғана алынады», - делінген хабарламада.
Талдау барысында қадағалаушы орган абаттандырылған үйлердің тұрғындары ҚТҚ жинау және тасымалдау қызметтері үшін артық төлегендеріне көз жеткізді, өйткені 377 теңгенің орнына олар абаттандырылмаған үйлердің тұрғындары үшін 438 теңге сомасында есептелген тариф бойынша төлеген.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Көкшетау қаласы әкімдігі көрсетілген қызметтер үшін барлық тұрғындар жасаған төлемдердің дұрыстығын екі рет тексерді және төленуге тиісті сомалардан шегеру жолымен дұрыс төленбеген ақшаны қайтаруды қамтамасыз етті.
«Нәтижесінде прокуратура абаттандырылған үйлердің 6 350 тұрғынының құқықтарын бұзудың жолын кесті, қазіргі таңда оларға ҚТҚ жинау және тасымалдау қызметтері үшін сомалар тиісті тарифке сәйкес есептеледі», - делінген хабарламада.