10.04.2023, 10:46
Жаңалықтар
Мамырда қазақстандықтар қанша күн демалады
Келесі айда ел тұрғындары үш бірдей мемлекеттік мерекені атап өтеді
Фото: kapital.kz
Мамырда елімізде үш мереке аталып өтетіндіктен, қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Келесі айда ел тұрғындары үш бірдей мемлекеттік мерекені: Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күнін тойлайды.
- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады: 29, 30 сәуір және 1 мамыр. Ал жұмыс аптасы 6 күнге созылатындар екі күн: 30 сәуір мен 1 мамырда демалады.
- Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнінде 5 күндік жұмыс аптасы үшін тұрғындар 4 күн қатарынан: 6, 7, 8, 9 мамыр күндерінде демалады. Ал 6 күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 3 күн қатарынан: 7, 8 және 9 мамырда демалады.
Осылайша, алдағы айда ел тұрғындары барлығы 11 күн демалады.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды