$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталды

Алайда өнімді экспортауға арнайы квота енгізілді

Қазақстанда пияз экспортына салынған тыйым алынып тасталды
Фото: gov.kz

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен биылғы жылдың 8 сәуірінде Қазақстан аумағынан пиязды әкетуге салынған тыйым алынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл ретте, осы жылдың 8 сәуірінен 28 сәуіріне дейін бұйрықпен республика аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші елдері мен мемлекеттеріне 20 мың тонна мөлшерінде пиязды (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізілді.

«Квотаның бүкіл қолданылу мерзімі кезінде тауарларды әкетуге бір өтініш беруші үшін рұқсат етілген лимит белгіленеді, ол жиынтығында 500 тоннадан аспайды», - делінген АШМ хабарламасында.

Қазақстан аумағынан тауарларды әкетуге арналған квоталар көлемін бөлу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес, фитосанитариялық сертификаттар беру кезінде БАБЖ АЖ-да автоматты түрде жүзеге асырылады.

Серіктес жаңалықтары