$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Таразда сүт зауыты тауар бағасын 60% қымбаттатып сатқан

Кәсіпкер өзі шығаратын 10 түрлі өнімге негізсіз үстеме ақы қосқан

Таразда сүт зауыты тауар бағасын 60% қымбаттатып сатқан
apk-news.ru

Таразда сүт тауарларын өндіретін ірі зауыт 3 жыл бойы өнім бағасын 60 процентке дейін көтеріп сатқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Компания басшысы тауарларын делдалдар арқылы сауда орындарына жіберіп отырған. Ал олар зауыт басшысының жақын туыстары екені анықталды. Кәсіпкер осылайша өзі шығаратын 10 түрлі өнімге негізсіз үстеме ақы қосқан.

Мекеме 2019 жылдан бері 5 миллиард теңгенің тауар айналымын жүзеге асырған. Заңсыз пайда табу дерегін экономикалық тергеп тексеру департаменті анықтады. Кәсіпкер кінәсін мойындап, тауар бағасын төмендетті. Бірінші сәуірден бастап өнімдерін сауда сөрелеріне тікелей жеткізеді. 

«Сауда реттеу туралы заңның 9-бабына сәйкес, егер де сауда орындары өздері сататын тауарларға 15 проценттен асқан үстеме қосатын болса, алдымен ескерту қаралған. Кейінірек сол бір жылы ішінде қайталап жасалатын болса, онда ол кәсіпкерге 200 АЕК көлемінде айыппұл салу қаралады. Мараторий болмаған кезде, қарсы тексеру жасалып қанша түрде табыс алғаны белгілі болып, тиісті шешім қабылданатын еді. Қазіргі таңда кәсіпкерлерге мараторий болғандықтан, тиісті ескертумен шектеліп отыр», - деді облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бөлім басшысы Мақсат Байдалиев.

Серіктес жаңалықтары