Қарағанды экологтары Бұқпа өзенін бүлдірген кәсіпорынды сотқа берді
Енді коммуналдық кәсіпорын өзенді қалпына келтіруге міндеттелді

Қарағанды экологтары Бұқпа өзеніне кәріз қалдықтарының құйылуына себеп болған коммуналдық кәсіпорынды сотқа берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Өйткені алынған сынамалар нәтижесі өзеннің эко-жүйесіне айтарлықтай зиян келтіргенін анықтаған. Енді коммуналдық кәсіпорын өзенді қалпына келтіруге міндеттелді. Бұдан кейін мамандар арықтарда зиянды қалдықтардың бар-жоғын қайта тексереді.
Еске салсақ, магистральді коллектордағы апат салдарынан, кәріздегі қалдық су бірнеше апта бойы Бұқпа өзеніне құйылған. Оны алғаш, жергілікті тұрғындар байқап, дабыл қаққан еді.
«Департамент лабарториясымен сынамалар алынған Бұқпа арнасы бойынша. Оның нәтижесінде нормалардың шектен шыққаны анықталған. Ол темір бойынша, аммоний-йон бойынша және ХПК бойынша. Жалпы қандай әсер келгені жерге ол да зерттеледі. Осы шаралар мамырдың аяғында бітеді», - деді облыстық экология департаменті басшысы м.а. Дархан Исжанов.