$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Доллар қайта арзандады: 4 сәуірдегі валюта бағамы қандай

Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Доллар қайта арзандады: 4 сәуірдегі валюта бағамы қандай
© Sputnik

Қазақстанның Ұлттық банкі 4 сәуірге арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы 1,87 теңгеге төмендеп, 450,83 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 451,71 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,78 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 451 теңгеден сатып алынып, 455 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 448 теңгеден сатып алынып, 452 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 450,83 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 489,78 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,78 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,48 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 65,46 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,16 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 3,96 (өзбек сомы).
Серіктес жаңалықтары