Мемлекет басшысы Ресейде қазақстандық ЖОО-лардың филиалдарын ашу туралы заңға қол қойды
Одан бөлек ЕДБ-ның Ресейдегі үлесінің бір бөлігін сатып алу туралы заңға да қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Еуразия даму банкінің төленген жарғылық капиталындағы Ресей Федерациясы үлесінің бір бөлігін сатып алу және сату туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.