Жанармайды теміржол және көлікпен шығаруға тыйым салынды – Ақшолақов
Мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды
Жанармайды теміржол және көлікпен шығаруға тыйым салынды. Бұл туралы Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар. Әрине қол қусырып, ешкім қарап отырған жоқ, түрлі шаралар қабылданғандығын білесіздер», - деді министр.
Ақшолақов атағандай, жанармайды темір жол және көлікпен шығаруға тыйым салынды.
«Ресурс иелеріне жанармайды тікелей жанармай станцияларына сатуға міндеттейтін заңнамалық нормалар қабылданды. Мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату кезіндегі өнімсіз делдалдар алынып тасталды. Бұдан басқа өткен жылдың тамыз айында біз тапшылықты азайту үшін сараланған баға (450 тг.) және лимиттер (300 литрге дейін) енгіздік. Бірақ барлық шектеуге қарамастан, «көлеңкелі экспорт» арқылы отынды шығару мүмкіндіктері табылды. Осыған байланысты, тапшылықты болдырмау үшін Біз шұғыл түрде қымбат импорттық отынды сатып алуға мәжбүр болып отырдық», - деді Болат Ақшолақов.