01.04.2023, 12:23
Жаңалықтар
Дональд Трамптың сотқа келу күні 4 сәуірге белгіленді
Трамп бұл жағдайды «саяси қудалау» деп атады
Фото ашық дереккөзден
Американдық БАҚ Дональд Трамптың Нью-Йорктегі сотқа келуі төртінші сәуірге жоспарланған деп хабарлайды.
Экс-президенттің адвокатының айтуынша, Трамп оған қылмыстық іс бойынша ресми түрде айып тағылатынына таң қалады. Бұл үшін бейсенбіде Манхэттендегі үлкен алқабилер алқасының мүшелері дауыс берді.
Трамптың өзі айналасындағы жағдайды «саяси қудалау және тарихтағы ең жоғары деңгейдегі сайлауға араласу» деп атады.
АҚШ президенті Джо Байден бұл туралы журналистерге түсініктеме бермеді. Сонымен қатар, Трамп АҚШ тарихындағы қылмыстық іс бойынша айып тағылған алғашқы экс-президент. Бұған 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде порно актрисаға үнсіздік үшін ақша төлегені себеп болды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды