$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көлік моторын жуатын химикатты ішіп қойған баланың жағдайы белгілі болды

Қазір 3 жасар бала ауруханада ем қабылдап жатыр

Көлік моторын жуатын химикатты ішіп қойған баланың жағдайы белгілі болды
фото ашық дереккөзден

Шымкентте көліктің моторын жуатын химикатты ішіп қойған бүлдіршіннің беті бері қарады. Автокөлік жөндеп жүрген әкесінің жанында ойнап жүрген Арман есімді үш жасар балақай улы сұйықтықты тәтті сусынмен шатастырып алған. Бұл туралы Azattyq Ruhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ойнап жүрген, күйеуім машина жөндейді ғой. Пепси әкеп қоятын, сусын деп ішіп қойған ғой. Негізі көбінесе химииялық ыдысында тұратын. Соны ішіп қойған», - дейді анасы Іңкәр Сарыбаева.

Дәрігерлер химиялық затты ішкен балақай емдеу орталығына дер кезінде жеткізілді деп отыр. Әйтпесе ауыз қуысы, өңеші мен асқазаны күйген баланың жағдайы әлдеқайда ауыр болуы да мүмкін еді. Онымен бірге бір күнде ауруханаға сірке суын ішіп қойған бес жасар бала да ауыз қуысының химиялық күйік шалуымен жеткізілді. Қазір ол да өздігінен тамақтана алатын жағдайға жетті. Дәрігерлер екі жағдайда да бүлдіршіндер ересектердің қарауынсыз қалғанын айтты.

«Ем антибактериялы терапия дейді. Емдеп жатырмыз. Баланың ішкі құрылысы, аузы күйген, жағдайы орташа дәрежеде», - деді Т. Орынбаев атындағы гипербария оксигенация орталығының токсиколог-дәрігері Марат Кәкенов.

Серіктес жаңалықтары