Қарағандыда «АrtSport» бағдарламасына бөлінген 14 млн теңге жымқырылған
Ал оқушылар тегін орындарға кіре алмай ақылы үйірмелерге барып жүр
Қарағандыда «АrtSport» бағдарламасы бойынша балалардың шығармашылығын дамытуға бөлінген 14 млн теңге жымқырылған. Бұл туралы Azattyq Ruhy astanatv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бюджет қаржысын кәсіпкерлер жалған үйірмелер ашу арқылы қалталарына басыпты. Спорттық секциялар мен шығармашылық топтарға балаларды тіркеп қойған. Негізінде мыңдаған мектеп оқушысы тегін орындарға кіре алмай ақылы үйірмелерге барып жүр.
Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, бұдан басқа да заң бұзушылықтар көп. Жалпы «АrtSport» бағдарламасын өңірде 10 мың бала пайдаланады. Мемлекет елімізде балалардың шығармашылық және спорт үйірмелеріне 2 миллиард 164 миллион теңге қаржы бөлген.
«Біздің облыста «АrtSport» мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы бойынша балаларға арналған 14 миллион теңге жымқырылған. Бұл қаражатты жалған үйірмелер ашып, оларға балаларды жалған тіркеу арқылы қолды қылған. Кінәлі тұлғалар сот арқылы жауапкершілікке тартылады»,-деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимлы агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.