$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Депутаттар жаңадан сайланған Үкімет басшысы туралы пікірлерін айтты

Депутаттар халықтың айтатын проблемалары өте көп екенін айтты

Депутаттар жаңадан сайланған Үкімет басшысы туралы пікірлерін айтты

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін депутаттар жаңадан сайланған Премьер-министр жайлы пікірлерін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«AMANAT» партиясының фракциясы Премьер-министрмен жиі-жиі кездесіп, мемлекеттік бағдарламаның орындалуын қадағалаймыз деді. Мен ешбір партияда болмағандықтан, фракцияда да жоқпын. Бірақ болашақта Премьер-министр Мәжіліс депутаттарының алдына келіп, есеп беретін болса, фракциялық қадағалаушы фракция тобына қосылатын шығармын деп ойлап отырмын. Әзірге басқа айтарым жоқ. Мен жақтаушылар қатарында болмадым», - деді депутат Абзал Құспан.

Өз кезегінде  «AMANAT» фракциясынан сайланған депутат Асхат Аймағамбетов қазір министрлерден депутаттар жұмыстың нәтижесін талап ете алатынын айтты.

«Мен өзім де Үкіметтің бұрынғы мүшесі ретінде бұл өте дұрыс деп есептеймін. Қоғам мен депутаттардың сынына түсінушілікпен қарайтынмын. Біз барлық өңірді араладық. Тұрғындардың басты мәселесі инфляция мен коммуналдық инфрақұрылым болды. Астана қаласының өзінде де су болмай жатады. Ұсақ және ауқымды проблемалар өте көп», - деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайылов қайта сайланды.

Серіктес жаңалықтары