«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

Azattyq Rýhy

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізіледі
фото ашық дереккөзден

Бүгін әлеуметтік желілерде Екібастұз  қаласындағы қара түтін көрсетілген видео мен фотолар жарияланды. Осыған байланысты Экология және табиғи ресурстар министрлігі тексеру жүргізетін болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Екібастұз қаласында «Қазгидромет» РМК 2 стационарлық бақылау бекеті орналасқан. 29 наурыздағы жағдай бойынша Мәшһүр-Жүсіп көшесі, 118/1 мекенжайындағы №1 атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау бекеті шекті рұқсат етілген концентрациялар асып кеткенін тіркеген жоқ.

«Жарияланым дәлелдерін егжей-тегжейлі тексеру үшін Департамент қызметкерлері «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС санитарлық қорғау аймағының шекарасында атмосфералық ауаның сапасына өлшеулер жүргізді. Өлшеу нәтижелері көміртегі оксиді бойынша 6,3 мг/м3 (ШРК 5,0), азот оксиді бойынша 0,527 мг/м3 (ШРК 0,5), шаң бойынша 0,638 мг/м3 (ШРК 0,5) асып кеткенін анықтады», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.