Швейцарияда қарт әйелдер климат өзгерісі үшін ел үкіметін сотқа берді

KlimaSeniorinnen соңғы алты жылдан бері барлық сот істерінде жеңіліп келеді

Швейцарияда қарт әйелдер климат өзгерісі үшін ел үкіметін сотқа берді
Фото ашық дереккөзден

Еуропалық Адам құқықтары соты швейцариялық егде жастағы әйелдердің шағымын қарай бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC агенттігінің хабарлауынша, 2 мыңнан астам әйел Швейцария үкіметін климаттың өзгерісімен күресу үшін жеткілікті түрде әрекет етпеді және бұл олардың денсаулығына кері әсер етіп, тіпті өмір сүру құқығын бұзып жатыр деп айыптаған.

Сотқа талап-арызды KlimaSeniorinnen («Климат үшін күресетін қарт әйелдер») ұйымы берген. Ұйымға орташа жасы 73-ті құрайтын 2 мыңнан астам швейцариялық әйел кіреді.

Айта кетерлігі, Швейцарияда климат жаһандық орташа деңгейден жылдамырақ жылынуда, ал сотқа медициналық жазбаларын қоса өткізген KlimaSeniorinnen өкілдері жиілеп кеткен аптап ыстық салдарынан олардың денсаулығына және тіпті өміріне қауіп төне бастады деп мәлімдейді. Сондықтан олар Адам құқықтарын қорғайтын соттан Швейцария билігін булы газ шығарындысын барынша қысқартуға міндеттеуді сұрайды.

Швейцариялық Альпідегі мұздықтарға да жаһандық жылыну қаупі төніп тұр

limaSeniorinnen соңғы алты жылдан бері елдегі Жоғарғы сотқа дейінгі барлық инстанцияның сот істерінде жеңіліп келеді.

«Швейцария үкіметі талап қоюшылардың құқықтары сотқа жүгінуге мәжбүр болатындай бұзыла қоймағандықтан, сотта бұл талаптың қарастырылмайтынын дәлелдемекші. Үкімет климаттың өзгеруі денсаулыққа әсер етуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, дегенмен климаттың тек егде жастағы әйелдердің денсаулығына кері әсерін ерекше атап өтуге болмайтынын айтады», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.