Қазақстандық теннисші қатарынан 12 жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына шығып, тағы бір жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Рыбакина бұған дейін қатарынан 12 жеңіске жеткен. Қазақстандық спортшының жеңісті сәттері Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде 12 наурыздан бері жалғасып келеді. Соның нәтижесінде Рыбакина бұл турнирде де жеңіске жетті.
Енді ол Майамиде төрт жеңіске қол жеткізді: Анна Калинскаяны (64-орын), Паула Бадосаны (29-орын), Элиза Мертенсті (39-орын) және Мартина Тревизанды (24-орын) жеңді.
Бұған дейін, 2021 және 2022 жылдары Майамидегі турнирде Елена Рыбакина үшінші айналымнан аса алмай келген еді.
Еске салайық, Miami Open турнирінің 1/8 финалында қазақстандық спортшы WTA рейтингінің 39-шы сатысында тұрған бельгиялық Элиза Мертенсті екі ойында ұтқанын жазған болатынбыз.