Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын болады
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді
Синоптиктер 29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жауын-шашын көбінесе жаңбыр түрінде жауады. Елдің қалған аумақтарында жоғары қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте найзағай, солтүстікте суық ызғар сақталады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз термометрлер 21-23°С, түнде 8-10°С жылыны көрсетеді. Желдің жылдамдығы 0-ден 5 градусқа дейін болады.
Астанада жауын-шашынсыз ауа райы болады. Күндіз ауа температурасы 12-14°С жылы болады, түнде 3-5°С-қа дейін суытады. Синоптиктер елорда тұрғындарына желдің 9-14 м/с-қа дейін күшейетіні және қою тұман түсетінін ескертеді.
Шымкентте найзағай ойнайды, соған қарамастан мегаполисте күн жылы болады: күндіз термометрлер 23-25°С, түнде 10-12°С жылыны көрсетеді. Мұнда да жылдамдығы 15-20 м/с-қа жететін қатты жел соғып, дауылды ескерту жарияланды.