$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Доллар қайта арзандады: 29 наурыздағы валюта бағамы қандай

Ұлттық банк сәрсенбіге арналған валюта бағамын жариялады

Доллар қайта арзандады: 29 наурыздағы валюта бағамы қандай
фото: kun.uz

Қазақстанның Ұлттық банкі 29 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін, яғни сәрсенбіде доллар бағамы 3,63 теңгеге арзандап, 455 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 458,87 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 5,94 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 451 теңгеден сатып алынып, 455,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 454 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 455 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 492,13 (еуро)
  • RUB / KZT – 5,94 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 23,81 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 66,11 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,2 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 4 (өзбек сомы).
Серіктес жаңалықтары