Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші бельгиялық ойыншыны 6:4, 6:3 есебімен ұтты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінде алғаш рет ширек финалға шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің жетінші ракеткасы турнирдің төртінші раундында 6:4, 6:3 есебімен Элизе Мертенсті (әлемнің 39-ракеткасы) ұтты. Бельгиялық ойыншыны жеңу Елена үшін WTA турындағы қатарынан 11-ші жеңісі болды.
Кездесу 1 сағат 46 минутқа созылды. Рыбакина 10 рет допқа шығып, үш рет қос-қостан қателік жасады және тоғыз брейк-пойынттың үшеуіне қол жеткізді. Мәртебелі жарыстың жартылай финалына шығу үшін Қазақстанның бірінші ракеткасы италиялық Мартина Тревизанмен (әлемнің 24-ші ракеткасы) сайысқа түседі.
Қазақстандық теннисші Miami Open турнирінің ширек финалына шығу жолында ресейлік Анна Калинскаяны – 7:5, 4:6, 6:3, испандық Паула Бадосаны – 3:6, 7:5, 6:3 және бельгиялықты Элизе Мертенсті 6:4, 6:3 есебімен жеңді.