Доллар қайта қымбаттай бастады: 28 наурыздағы валюта бағамы қандай
Ұлттық банк сейсенбіге арналған валюта бағамын жариялады
Қазақстанның Ұлттық банкі 28 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін, яғни сейсенбіде доллар бағамы қайта қымбаттап, 458,87 теңге болып бекітілді.
Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 457,29 теңге болған еді.
Ресей рублінің ресми бағамы 6 теңге болды.
Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 455 теңгеден сатып алынып, 459 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 453 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылып жатыр.
Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:
USD / KZT – 458,87 (АҚШ доллары)
EUR / KZT – 493,84 (еуро)
RUB / KZT – 6 (ресейлік рубль)
TRY / KZT – 24,03 (түрік лирасы)
CNY / KZT – 66,68 (қытай юані)
KGS / KZT – 5,25 (қырғыз сомы)
UZS / KZT – 4,02 (өзбек сомы).