28.03.2023, 10:11
Жаңалықтар
Қызылорда облысында кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйел ұсталды
Ол осы әрекеті үшін сыйақы алып отырған
Фото ашық дереккөзден
Қызылорда облысында полицейлер кәмелетке толмаған екі қызды жезөкшелікке тартқан әйелді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Күдікті kyzdar.net сайты арқылы қыздардың қызметін Алматы, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында ұсынып, оларды жезөкшелікке тартқан. Әйел мұндай әрекеттері үшін сыйақы алып отырған.
Қазір аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 134-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.
Өңірлік ПД баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, тиісті сот – медициналық сараптамалар тағайындалды.
Полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтауға бағытталған іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды