Алматыда алқабилер досын өлтірді деп айыпталған жасөспірімді ақтады
Оған қарызды қайтармаған досын буындырып өлтірді деген айып тағылған
Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында досын өлтіріп, ақша ұрлады деп айыпталған кәмелетке толмағанға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кәмелетке толмағандар қарыз ақша үшін жанжалдасып, төбелескен. Күдікті досын аяқ киімнің бауымен тұншықтырып өлтіріп, оның банк картасымен дүкенге барып сауда жасаған деп айыпталған.
Сотта прокурор мен жәбірленушілер айыптауды толық қолдап, күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Айыптаушы тарап айғақ ретінде қамауға алынғаннан кейін сотталушының кінәсін мойындауын, қылмыс құралы – сотталушының ДНҚ іздері табылған жәбірленушінің аяқ киімінен шілтерді, төлем картасындағы сотталушының сатып алған заттары туралы мәліметтерді және басқа да құжаттарды ұсынды.
«Сотталушы өз кінәсін толық мойындамай, кісі өлтіру кезінде жәбірленушінің қоғамдық орында болғанын, оны әртүрлі адамдар көрген деген нұсқаны алға тартты. Сотта куәгерлер сотталушының олармен бірге ойын алаңында болғанын растады. Жәбірленушінің сотталушыға банк картасын пайдалануға бұрын да бергені анықтады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сотталушы өз кінәсін мойындаудан бас тартып, тексеру бұл фактіні растамағанымен, оған физикалық қысым жасалғанын түсіндірді», - делінген Алматты соттарының ресми парақшасында.
Алқабилер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін кінәлі емес деп танып, қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтардың жоқтығы үшін ақтады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.