Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды
Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстанның Румыния мен Словениядағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елшілерді тағайындау туралы Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды.
«Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;
Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», - делінген Жарлықта.