Ғарышкер қазақстандықтарды Жер маңы орбитасынан Наурыз мейрамымен құттықтады

Azattyq Rýhy

Ол өз құттықтауын қазақ және орыс тілдерінде жолдады

Ғарышкер қазақстандықтарды Жер маңы орбитасынан Наурыз мейрамымен құттықтады
Бейнеден кадр

Қостанай өңірінде туып-өсіп, қазір «Роскосмоста» еңбек ететін ғарышкер Дмитрий Петелин Жер маңы орбитасынан видео жолдап, қазақстандықтарды қазақ және орыс тілдерінде Наурыз мерекесімен құттықтады. Видеоқұттықтау kostanaynews telegram-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті қазақстандықтар, әсіресе қостанайлық жерлестер! Мереке құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыздар! Мен ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге келесіні айтқым келеді: бір-біріңізге ренжімеңіз, бекерге ашуланбаңыз. Біздің Планетамыз үлкен және өте әдемі. Орбитадан мұндай әдемі жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен және жақсы мереке. Сізге бақыт тілеймін! Қиындықтарға жоғарыдан қараңыз. Күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыз. Әр күннен ләззат алыңыз. Және мынаны біліңіз – өмір тамаша! Наурыз мейрамы құтты болсын!», - деді ғарышкер өз құттықтауында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.