Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады

Azattyq Rýhy

 Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында суға кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады
Түркістан облыстық ПД

Түркістан облысының Еңбек ауылында Арыс өзеніне ағып кеткен 4 жасар қыз әлі табылмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

17 наурыз күні Түлкібас аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 4 жасар қызы Арыс өзеніне құлап кеткенін айтқан.

Кешкі уақытта үш бүлдіршін туысының үйіне баруға шыққан. Үлкені бес жаста. Полицияның болжамынша, балалар суды кешіп өтпек болған. Осы сәт су 4 жасар бүлдіршінді ағызып әкеткен.

«Қызды іздеуге Түлкібас аудандық полиция бөлімінің толық жеке құрамы мен аудандық прокуратура, ТЖМ-нің қызметкерлері, 30 ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта қызды іздеу жұмыстары жан-жақты жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.