$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін Алматыда боксшы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтеді

Бокс кеші тікелей эфирден көрсетіледі

Бүгін Алматыда боксшы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтеді
Фото ашық дереккөзден

Бүгін, 21 наурызда Алматыда өтетін бокс кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жанқош Тұраров жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасады. Қазір бұл белбеу мексикалық боксшыға тиесілі.

Барлығы он екі жекпе-жек жоспарланған. «Хабар» телеарнасының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров бұған дейінгі жекпе-жегін қараша айында Алматыда өткізіп, венесуэлалық боксшы Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бос тұрған чемпион атағын жеңіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары