$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Су тасқыны қай өңірлерде болуы мүмкін?

Күн райының жылуына байланысты қалған қар қоры еріп кетуі мүмкін

Су тасқыны қай өңірлерде болуы мүмкін?

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте су тасқыны болуы мүмкін өңірлерді атады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаһарман Оразалин атағандай, Қазгидрометтің мәліметтері бойынша Қазақстанның қар басқан аумағының ауданы 39 пайызға азайған.

«22-24 наурызда еліміздің солтүстік аудандарының аумақтарына қар және жауын-шашынның жауумен солтүстік циклоны өтеді. 21 наурыздан бастап Павлодар және Ұлытау, 22 наурыздан Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында біртіндеп күндізгі температура 3-13 градусқа дейін жоғарылауы күтіліп отыр», - деп айтты Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы. 

Оның айтуынша, қалған қар қорын және алдағы жылыну мерзімі мен көлемінің болжамын ескере отырып, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында су тасқынының жоғары қаупі сақталады.

Серіктес жаңалықтары