20.03.2023, 10:12
Жаңалықтар
Тоқаев Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Елена Рыбакина финалда белорус спортшысынан басым түсті
Фото ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индиан Уэллсте жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын!
Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті.
Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!» - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Индиан Уэллсте (АҚШ) өткен турнир финалында беларустық Арина Соболенконы (2-орын) жеңді.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды