Теңіз кен орнында 15 көшпелі дауыс беру пункті жұмыс істеп жатыр

Azattyq Rýhy

Кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылды

Теңіз кен орнында 15 көшпелі дауыс беру пункті жұмыс істеп жатыр
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Теңіз кен орнында 15 көшпелі дауыс беру пункті жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сайлау комиссиясының штабына Теңіз кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылардан Мәжіліс пен мәслихаттардың барлық деңгейдегі депутаттарын кезектен тыс сайлауында дауыс беру үшін 18 мыңнан астам өтініш келіп түскен.

Сондай-ақ жұмысшылардың бір бөлігі тіркеу орны бойынша учаскелік комиссияларға жүгініп, өздерімен бірге Қазақстанның әртүрлі облыстарынан дауыс беруге арналған есептен шығару куәлігін алып келген.

«Теңіз кен орнының аумағында дауыс беруге дайындық бірнеше аптаға созылды. Дауыс беру учаскелері Теңізшевройл мен мердігер ұйымдардың вахталық қалашықтарында орналасқан. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін қажетті көлік құралдары қамтамасыз етіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді», - делінген Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ҚР заңнамасына сәйкес барлық деңгейдегі Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау ашық және жария түрде өтіп жатыр. Сондай-ақ Құлсары қаласынан бақылаушылар келді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.