$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өскеменде дауыс беруге келгендерге бір тонна бауырсақ таратылды

Акцияны қала кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде ұйымдастырды

Өскеменде дауыс беруге келгендерге бір тонна бауырсақ таратылды
Фото: ШҚО әкімдігі

Бүгін ШҚО-да ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлауға барған тұрғындарға бір тонна бауырсақ таратылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңір орталығындағы бірқатар учаскеде мерекелік дастархан жасалған.

Наурыз мерекесі қарсаңында дауыс беру үшін ұлттық киіммен келіп жатқан тұрғындардың да қарасы көп.

«Тұрғындарға бауырсақ таратып, мерекелік дастархан жасау өте керемет идея. Еліміз үшін осындай айтулы күнде де біздің дәстүрлеріміз ұмыт қалмайтынына қуаныштымын», - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Альфия.

Айтулы күні осындай шараны қала кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде ұйымдастырған.

Ал Глубокое, Алтай аудандарының сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арналған мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Серіктес жаңалықтары