$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте сайлауға қатысқан жұрт Наурыз мейрамын атап өтті

Өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тойдың көркін қыздырды

Шымкентте сайлауға қатысқан жұрт Наурыз мейрамын атап өтті

Нұршуақ шағынауданы тұрғындары Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Сайлауда дауыс беріп, өз таңдауын жасап шыққан нұршуақтықтар «Армысың, әз Наурыз!» атты мерелік іс-шараға белсенді түрде қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тұрғындар дастарханға қойылған наурызкөжеден дәм татып, балалар алтабақан тепті. Тойға келген жұртшылық арқан тартысып, қол күресінен сынға түсті. Өнерпаздардың концерттік бағдарламасы тойдың көркін қыздырды.

«Таң азанымен тұрып, учаскелік сайлауға бардық. Сайлау – маңызды шара. Біздің әрқайсымыздың дауысымыз еліміздің ертеңін жарқын болашаққа бастайды. Ал жаңа партия, жаңа кандидаттардан халықтың үміті көп. Еліміздің өркендеуіне үлес қосатын азаматтар сайланып, Отанымыздың абыройы асқақтай берсін. Шағынаудан тұрғындары мерекенің өтуіне де ерекше атсалысып отыр. Бәрі бірауыздан науқанға қатысты», - дейді ауыл белсендісі Зибагүл Қосуақ.

Серіктес жаңалықтары