$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Прокуратура органдарына сайлау бойынша 25 өтініш келіп түсті – Азамат Сарғазин

Прокуратура органдары сайлау процесінің заңдылығын қадағалауды жалғастырып жатыр

Прокуратура органдарына сайлау бойынша 25 өтініш келіп түсті – Азамат Сарғазин
Фото ашық дереккөзден

Прокуратураға сайлау бойынша 25 өтініш келіп түсті. Бұл туралы Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Азамат Сарғазин айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Дауыс беру рәсімі басталғалы бері прокуратура органдарына ықтимал заң бұзу туралы 25 өтініш келіп түсті. Оның бесеуі Бас прокуратараға жолданған. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Себебі, өтініштерде орын алуы мүмкін заң бұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгітті жүргізу мүмкіндігі айтылған. Сондықтан, тексеру үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Олардың барлығы қазір қаралып жатыр», - деді Азамат Сарғазин.

Сондай-ақ ол 7 өңірдің жергілікті прокуратурасына адамдар тікелей жүгінгенін атады.

«Сондықтан тексеру жүргізу жергілікті прокурорларға жолданды. Сондай-ақ азаматтар бүгін тікелей келесі аумақтық прокуратураларға да жүгініп отыр. Ол – Астана қаласында төртеу, Алматыда бір, Шымкент қаласында үш, Шығыс Қазақстан облысыда бес, Түркістан облысында төрт, Қарағанды, Палводар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың бәрі қазір қаралып жатыр», - деді А.Сарғазин.

19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сайлау тізімдеріне 12 миллионнан астам азамат кіреді.

Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау 19 наурызда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 20:00-де басталады және 20 наурызда таңғы 8:00-де аяқталуы керек.

Серіктес жаңалықтары