$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Еліме үлес қосам» деген азаматтардың белсенділігі өте жоғары- сарапшы

Ол мажоритарлық жүйенің ерекшелігі туралы айтып берді

«Еліме үлес қосам» деген азаматтардың белсенділігі өте жоғары- сарапшы

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Боқанова сайлаудың ерекшелігі туралы айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Осы сайлаудағы өзгерістердің бірі аралас сайлау жүйесінің енгізілуінде. Яғни, мажоритарлық жүйе дейміз. Елімізде бір мандатты округтер бойынша депутаттар сайланады. Партиялар тізімі бойынша пропорционалды жүйе қолданылады. Мажоритарлық жүйенің маңыздылығы 609 кандидат өз ұсынысын берді. Оның 435-і тіркеуден өтті. Оның ішінде 80 пайызы өзін-өзі ұсынған депутаттар болып отыр. Яғни, өз еліме қосам деген азаматтардың пайызы 80-ді құрап отыр. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Белсенділік өте жоғары деп айтуға болады. Билікке келетін депутаттар мансаптылық емес, ел алдындағы жауаптылық маңызды екенін естен шығармауы керек», - деді ол.

Еске сала кетейік, 19 наурызда қазақстандықтар Парламент Мәжілісінің жаңа депутаттарын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайды.

Серіктес жаңалықтары