Асылы Осман әдеттегідей алғашқылардың бірі болып дауыс берді
Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚХА мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, ел тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты. Әрбір саяси науқандағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Әділетті болайық, шыншыл болайық. Адалдыққа ешнәрсе жетпейді. Сондықтан бүгінгі науқанға баршамыз үн қоссақ деймін. Ертең депутаттар да біздің сенімімізді ақтасын. Елін, жерін, халқын шынайы сүйетін жандар көп болсын деп тілеймін!» - деді Асылы Осман.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Сайлау учаскелері таңғы 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.