Қонаевта 5 мың әскери қызметші дауыс беруге қатысты
Сайлауда жауынгерлер дауыс берді
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар депутаттарын сайлауға Конаев гарнизоны әскери бөлімдерінің 5 мыңнан астам әскери қызметкері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Офицерлер, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беруге қатысты. Бір мезгілде бірнеше әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшілері үшін десанттық-шабуылдаушы бригаданың аумағында сайлау учаскесі ұйымдастырылады.
Олардың арасында бірінші рет дауыс бергендер де болды. Солардың бірі, қатардағы жауынгер өз сайлаудағы әсерін бөлісті.
«Биыл Парламент сайлауына алғаш рет қатыстым. Мен мақтанышпен дауысымды қуатты, тұрақты, гүлденген ел үшін, болашаққа сенім үшін бердім. Бүгін сайланған депутаттар мемлекетіміздің одан ары дамып, өркендеуіне лайықты үлес қосатынына сенімдімін», - деді Иваницкий Данил.