$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Қарасораның өртін өшірдім»: Астаналық өрт сөндірушінің ағзасынан есірткі табылған

Қалалық ТЖД өрт сөндірушіні жұмыстан шығарған

«Қарасораның өртін өшірдім»: Астаналық өрт сөндірушінің ағзасынан есірткі табылған

Астанадағы өрт сөндіру бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген азамат есірткі қабылдағаны үшін жұмыстан босатылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бірақ, жұмыс берушінің бұл шешімімен келіспеген өрт сөндіруші төтенше жағдайлар департаментін сотқа беріп, моральдық шығын талап еткен. Осы азаматтық істі қараған Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты өрт сөндірушінің талап арызын қанағаттандырған жоқ.

Жалпы, іс материалдарына сүйенсек, 2022 жылдың 4 қазанында Төтенше жағдайлар министрлігінің Қауіпсіздік қызметі өрт сөндіруден келген қызметкерді медициналық тексеруге жіберген. Медициналық тексеру А.есімді өрт сөндірушінің ағзасынан каннабиноид, яғни, есірткі тапқан. Бірақ, сараптама қорытындысында есірткіден масайғаны анықталмаған. Дегенмен, осы фактіге қатысты қызметтік тексеру басталып, 2022 жылдың 4 қарашасы күні тәртіп жөніндегі комиссия өрт сөндірушіні жұмыстан шығарған.

Бірақ, өрт сөндіруші тәртіптік комиссияның шешімімен келіспей, дәл сол күні жабайы қарасора өсіп тұрған дала өртін сөндіріп, ағзасына соның түтіні барғанын айтқан. Сондықтан сол 2022 жылдың 17 қазанында қосымша медициналық тексеруден өтіп, есірткі заттарын тұтынбағанын дәлелдегісі келген.

«Сот өрт сөндіруші жұмыстан заңды түрде босатылды деген шешім шығарды. Арызданушы сол күні 4 гектар жердегі жабайы қарасора өртін өшірдім деген фактіні алға тартқан.  Бірақ, сот бұл фактіні назарға алған жоқ, өйткені, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының мамандары есірткінің ауаға тараған түтіні ешқашан адамның организміне түспейтінін мәлімдеген. Бұндай жағдай 4 гектар жер емес, өте ауқымды көлемдегі өрт кезінде ғана кездесуі мүмкін деген қорытындыны алға тартқан сот өрт сөндірушінің арызын қанағаттандырмады.  Дегенмен, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлайды Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары