$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ресейден көлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды

Оның үйінен түрлі құжаттар мен жалған автокөлік мемлекеттік белгілері табылды

Ресейден көлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды
фото: polisia.kz

Атырауда Ресейден автокөлік контрабандасымен айналысқан деструктивті діни ағым ұстанушысы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жалған автокөлік мемлекеттік белгілері, автокөлікті сатып алу-сату келісім шарттары, сенімхаттар, Ресей Федерациясында тіркелген автокөліктің төлқұжаты, азаматтық тұлғалардың жеке куәліктері, тауарға арналған декларация, Iphone 13 ұялы телефоны және түбіртектер алынған.

Аталған дерек бойынша ҚК-тің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Серіктес жаңалықтары